Қоғам
1 мин оқу 310

Қазақстанда дизель отынына шекті бағалар болуы мүмкін

<p style="text-align: justify;">Энергетика министрі бұйрығының жобасы жарияланды. Онда дизель отыны бағасын тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түріне қарай саралау қарастырылған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Абай облыстарында дизель отыны бағасы мынадай мөлшерде белгіленген:

Қазақстан Республикасында берілген жеке куәлігін көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына 1 тәулікте 100 литрге дейінгі көлемде - 1 литрге 260 теңге;

Қазақстан Республикасында берілген жеке куәлігін және жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға техникалық паспортын көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына 1 тәулікте 300 литрге дейінгі көлемде - 1 литрге 260 теңге;

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында:

Қазақстан Республикасында берілген жеке куәлігін көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына 1 тәулікте 100 литрге дейінгі көлемде - 1 литрге 230 теңге;

Қазақстан Республикасында берілген жеке куәлігін және жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға техникалық паспортын көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына 1 тәулікте 300 литрге дейінгі көлемде - 1 литрге 230 теңге;

Белгіленген көлемнен жоғары немесе сатудың өзге де жағдайлары үшін - 1 литрге 450 теңге.

Құжатты қоғамдық талқылау 2022 жылдың 18 тамызына дейін жалғасады.

Бөлісу:
Қазақстанда дизель отынына шекті бағалар болуы мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар