Елорда
1 мин оқу 180

Елордада ауаға зиянды газдарды көп бөлетін көліктер тексеріліп жатыр

<p style="text-align: justify;">Астанада зиянды газдарды шамадан тыс бөлетін 260-тан астам көлік анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қала әкімдігінің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.</p> <p>&nbsp;</p>

«Нұр-Сұлтан қаласының аумағында автокөлік құралдарының экологиялық мониторингі» жобасы аясында 2,7 мыңнан астам көлік тексеруден өтті.

Шілдеден бастап жылжымалы тексеру тобы көлік құралдарынан шығатын газдардың уыттылығына өлшеу жүргізіп жатыр. Нәтижесінде улы газдарды шамадан тыс бөліп шығаратын 260-тан астам көлік анықтады. Бұл – тексерілген автомобильдердің 9,9 пайызы. Ал, жоба барысында жалпы 25 мыңға жуық көлік тексеруден өтеді», деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Әкімдік дерегінше, жоба қорытындысы бойынша алынған деректер елорданың ауа сапасын жақсату жұмыстарына ықпал етеді.

Бөлісу:
Елордада ауаға зиянды газдарды көп бөлетін көліктер тексеріліп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар