Қоғам
1 мин оқу 280

Қайраткерлерге ескерткіш орнатылады

<p style="text-align: justify;">Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссия отырысы өтті. Оған Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қатысты. Жиында сарапшылар монументалды өнер саласындағы өзекті мәселелерді де талқылады.</p>

Қайраткерлерге ескерткіш орнатылады

Басқосуда құрамына бел­гілі мүсіншілер, суретші­лер, зергерлер, ғалымдар мен қо­ғам қайраткерлері кіре­тін Монументтік өнер құ­ры­лыстарын орнату жө­нін­дегі комиссия рес­пуб­ли­ка­лық конкурстың қоры­тын­ды­сы бойынша жобалау жұ­мыстарын қарап, мақұлдады.

Нақтырақ айтқанда, ал­дағы уақытта Қостанай об­лысы Жангелдин ауда­ны Торғай ауылында алаштың қос арысы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына ескерткіш тұр­ғызылады. Сондай-ақ Ал­матыда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш орнатылса, көрнекті режиссер, театр қайраткері Жұмат Шанинге бюст қойылады.

«Ескерткіштер – тарихи жадымызды жаңғыртуда және қоғамдық сананы қа­лыптастыруда ерекше мәнге ие. Сондықтан жоспарлаудан бастап ескерткіштерді орнатқанға дейінгі жұмыс­қа мұқият қарау өте ма­ңыз­­ды. Комиссия тобы мүсіндердің жұмсақ материал­дан жасалған толық көлемдегі нұсқасын жан-жақты қарастыруы қа­жет», – деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Сонымен қатар комиссия мүшелері Жамбыл, Қа­рағанды, Қостанай, Түркістан және Ұлытау облыстары әкім­діктерінің идеялық ұсы­ныстарын бірауыздан қол­дады. Аталған өңірлерде Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаға, ақын, мемлекет және қо­ғам қайраткері Кәкімбек Салы­қовқа, Нияз батыр Сайдалы Барқыұлына, ІІ Дүниежүзілік соғыс және еңбек ардагері Жақсыбек Оңшыбаевқа және түрік саясаткері, мемлекет қайраткері Аднан Мендерске арналған ескерткіштерді жобалау жоспарланған.

Бөлісу:
Қайраткерлерге ескерткіш орнатылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар