Спорт
1 мин оқу 252

Жігіттер жеңіп, қыздар сүрінді

<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="font-size: 14.0pt; letter-spacing: -.2pt;">Үндістандағы дүниежүзілік шахмат олим&shy;&shy;пиа&shy;&shy;дасының алтыншы күнінде бір&shy;қатар тосын нәтиже тіркелді. Қазақ&shy;станның ерлер құрамасы бұл турда Чехиядан басым түссе, қыздар құрамасы Әзер&shy;байжан шахматшыларына жол берді.</span></p>

Жігіттер жеңіп, қыздар сүрінді

Ерлер арасындағы алтыншы тур бәсекесінде қазақстандықтар әлемдік рейтингте 13-орында тұрған Чехия құрамасымен жолығып, 2,5-1,5 есебімен айласын асырды. Қазыбек Нөгербек пен Арыстанбек Оразаев қарсыластарын жеңіп, бір-бір ұпайға қол жеткізсе, Ринат Жұмабаев тең ойнады. Ал Әлішер Сүлейменов жеңіліп қалды. Айта кетейік, Қазыбек Нөгербек қатарынан алты ойында қарсыластарынан басым түсіп отыр.

Өкінішке қарай, қыздарымыз Әзербай­жан шахматшыларының қарқынына төтеп бере алмады – 1:3. Бұл ойында Жансая Әбді­мәлік пен Бибісара Асаубаева тең ойнаса, Ксения Балабаева мен Гүлісхан Нах­баева қарсыластарына есе жіберді.

Бөлісу:
Жігіттер жеңіп, қыздар сүрінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар