Өнер
1 мин оқу 460

Индонезияда – қазақ мәдениеті

<p style="text-align: justify;">&laquo;Индонезияда Димаш Құдайберген мен Қазақстан мә&shy;де&shy;ниетіне арналған көрме өтті&raquo; деген хабар жетті елге.</p>

Индонезияда – қазақ мәдениеті

«Елдің атын ер шығарады». Ендігі уақытта Димаш десе – қазақты, қазақ десе – Димашты біледі әлем.

Көрме Индонезияның астанасы Джакартада 10 күнге ұла­сатын көрінеді. Индонезия Рес­публикасының Ұлттық кі­тапха­насында 10 күн бойы қа­зақ мәдениеті салтанат құ­рып, Димаштың бұлбұл даусы естіледі. Көрме барысында елімізге тән суреттер мен кәдесыйлар ұсынылыпты.

Қазақ өркениетін әйгі­ле­ген іс-шараны Қазақстан Республикасының Индоне­зия­дағы елшілігі мен Индонезия Рес­публикасының Нұр-Сұлтан­дағы елшілігінің қолдауымен Димаш Құдайберген және DIDFC индонезиялық фан-клубы ұйымдастырды. Ашы­лу рәсі­мінде Димаштың жан­күйерлері «Дайдидау» және «Любовь уставших лебедей» әндерімен таңғажайып қойы­лымдар қойды. Аталған әндер түпнұсқада және индонезия тілінде шырқалды.

Әншінің шығармашылығы­мен танысқаннан кейін қазақ тілін меңгеруге ден қоя бастаған жанкүйері Тита Джаджосман Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Ке­бек» поэмасын оқып, қонақ­тарды таңғалдырды.

Бөлісу:
Индонезияда – қазақ мәдениеті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар