Футбол
1 мин оқу 340

«Қызылжар» кипрлік АПОЭЛ командасынан жеңіліп қалды

<p style="text-align: justify;">Конференция лигасының 3-іріктеу кезеңіндегі матчта &laquo;Қызылжар&raquo; кипрлік АПОЭЛ командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ойындағы жалғыз гол 27-минутта соғылды. Эфремнің «Қызылжар» қақпашысының төбесінен асыра салған добы кездесудің тағдырын шешіп берді. Бұдан кейін де алаң қожайындары қайта-қайта шабуыл жасағанымен есепті өзгерте алмады. Ал қазақстандық клубтың футболшылары қарсыластың қақпасына қарай жақындай алмай-ақ қойды. Алда әлі жауапты кездесу бар. Іріктеуден кімнің өтетіні Нұр-Сұлтанда болатын матч кезінде шешіледі.

Бөлісу:
«Қызылжар» кипрлік АПОЭЛ командасынан жеңіліп қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар