Қоғам
1 мин оқу 630

Ұзынағашта атыс болып, 1 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Алматы облысының Ұзынағаш ауылында қарулы қақтығыс болды. Нәтижесінде бір адам қайтыс болып, тағы екеуі жарақат алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«4 тамызда сағат 16:20 шамасында үш жергілікті тұрғын оқ жарақатымен Ұзынағаш ауылының ауруханасына жатқызылды. Жеткізілгеннен кейін зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде қайтыс болды», делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Іздестіру іс-шаралары барысында «ұстап алу» жоспары жарияланды. Өңірдегі полиция бөлімшелерінің жеке құрамы күдіктілерді ұстауға бағдарланған.

Қару-жарақ оқиғасы жергілікті тұрғындар арасында дұшпандық қарым-қатынасқа байланысты болғандығы анықталды.

Қазіргі уақытта жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, оларды ұстау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Бөлісу:
Ұзынағашта атыс болып, 1 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар