Әлем
1 мин оқу 633

Лондондағы Әзербайжан елшілігінің ғимаратын радикалдар басып алды

<p style="text-align: justify;">4 тамызда Әзербайжан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі елшілік ғимаратын радикалды діни топ басып алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, радикалды діни топ мүшелері елшілік ғимаратына баса-көктеп кірген. Олар ғимарат балконында діни тулар көтеріп, радикалды діни ұрандар айтқан. Топ мүшелерін жергілікті полиция нысаннан шығарып, қамауға алды.

Оқиға кезінде елшілік қызметкерлері зардап шеккен жоқ. Жергілікті құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. Оның нәтижелері туралы қосымша ақпарат беріледі. Ұлыбритания құрылымдарының назарына дипломатиялық арналар арқылы Вена конвенциясына сәйкес дипломаттар мен дипломатиялық ғимараттар қауіпсіздігіне қатысты ескерту жіберілді.

Бөлісу:
Лондондағы Әзербайжан елшілігінің ғимаратын радикалдар басып алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар