Ауа райы
1 мин оқу 290

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет синоптиктері 6, 7 және 8 тамыздағы ауа райына қатысты болжам жасады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Болжам бойынша, алдағы күндері Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

«Елдің қалған бөлігінде ауа райы оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталь бөліктер ықпалына байланысты болады. Мұнда көбінесе жаңбырлы ауа райы болжанады - найзағай, екпінді жел соғып, қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Республиканың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, жел болуы мүмкін», делінген хабарламада.

Ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер болмайды:

күндіз батыста +30 +37 градус;

оңтүстік-батыста +27 +37 градус;

солтүстік-батыста +27 +35 градус;

солтүстікте, шығыста +22 +30 градус;

орталықта +20 +28 градус;

оңтүстікте, оңтүстік-батыста, елдің шығысында +30 +35 градус;

таулы аймақтарда +25 градус шамасында.

Бөлісу:
Демалыс күндері ауа райы қандай болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар