Елорда
1 мин оқу 280

Елордада қоғамдық кеңістікті абаттандыру тұжырымдамасын әзірлеу бойынша байқау жарияланды

<p style="text-align: justify;"><span style="font-family: helvetica, arial, sans-serif; font-size: medium;">Елорданың Урбанистика орталығы Нұр-Сұлтандағы Есіл өзенінің бойындағы қоғамдық кеңістікті абаттандыру тұжырымдамасын әзірлеу бойынша конкурс жариялады. Оған қатысуға Қазақстанның сәулетшілері, ландшафтық дизайнерлері мен урбанистері шақырылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz&nbsp;</a>қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</span></p>

Байқаудың негізгі мақсаты – Қазақстандағы түрлі конфессиялар мен ұлттар арасындағы ынтымақтастықты, достық пен бірлікті білдіретін табиғи-рекреациялық саябақ салу.

Эскиздік ұсыныстар 2022 жылдың 20 тамызына дейін centerofurbanism@gmail.com электрондық поштасы арқылы «конкурс» белгісімен қабылданады.

Сондай-ақ жеңімпаз ақшалай сыйлықпен марапатталады. Жұмыстарды әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын талаптар мен концептуалды міндеттер байқаудың техникалық тапсырмасында көрсетілген, оларды @centerofurbanism Instagram-парақшасындағы профиль тақырыбындағы сілтеме бойынша жүктеуге болады.

Бөлісу:
Елордада қоғамдық кеңістікті абаттандыру тұжырымдамасын әзірлеу бойынша байқау жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар