Елорда
1 мин оқу 193

Елордада Сауран көшесіндегі учаске жабылады

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сауран көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Осыған байланысты, 6-20 тамыз аралығында Сығанақ көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы ішінара жабылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз»,  делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Елордада Сауран көшесіндегі учаске жабылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар