Аймақтар
1 мин оқу 201
Маңғыстауда жол апатынан 1 адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Маңғыстауда жол апатынан 1 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.</p>
Оқиға 5 тамызда таңғы сағат 9:00 шамасында болған. УАЗ көлігінің жүргізушісі Шетпе ауылына қарай бара жатып, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Салдарынан Toyota Prado-ға соғылып, көліктер өртенген.
УАЗ жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған. 5 адам жарақат алды.
«Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша Маңғыстау аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізімінде тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр», деді Полиция департаменті баспасөз қызметінен.
Бөлісу: