Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
<p style="text-align: justify;">7 тамызда ауа райының бұзылуына байланысты 3 өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында күн күркіреп, желдің күші 20 м/с дейін күшейеді.
Ақмола облысының солтүстігінде күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с артады. Көкшетау қаласында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ болады.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с екпінде жел тұрады. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі жалғасады.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с артады. Павлодар қаласында күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күшейеді.