Оқиға
1 мин оқу 311

Оралда стадионнан адамның денесі табылды

<p style="text-align: justify;">Оралда пышақ жарақаты бар ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды&nbsp;&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp; БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

ПД мәліметінше, оқиға 6 тамыз күні шамамен сағат 21.30-да Исатай-Махамбет көшесінің бойында болған.

«П.Атоян атындағы стадион маңынан 1974 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесіне бірнеше жерден пышақ салынған. Қазір ҚР ҚК 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдікті іздестіріліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деп хабарлады ведомстводан.

Қала тұрғындарының айтуынша, марқұм бірнеше кафе, дүкені бар кәсіпкер болған.

Бөлісу:
Оралда стадионнан адамның денесі табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар