Оқиға
1 мин оқу 254
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
<p style="text-align: justify;">Катаев-Естай көшелерінің қиылысында самокатпен кетіп бара жатқан баланы көлік қаққаны туралы ақпаратты куәгерлер хабарлаған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жедел жәрдем оқиға орнына жеті минутта жеткен. Дәрігерлер тексеруден кейін 12 жастағы баланы облыстық балалар ауруханасына жатқызды.
- Науқастың бас миының жабық жарақаты, бас миының шайқалғаны, басы, арқасы және аяғында көгерген белгілер бары анықталды. Сондай-ақ терісі сыдырылған, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы орташа дәрежеде.
Бөлісу: