Оқиға
1 мин оқу 320
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
<p style="text-align: justify;">Көпқабатты үйдің жертөлесінде ойнап жүрген жасөспірім электрмен жабдықтау қондырғысын ұстап қалған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Балаға «бас терісінің күйігі, 3-дәрежелі электр жарақаты», деген диагноз қойылды. Оның жағдайы ауыр. Қазір бала қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр», деп жазылған Шымкент қаласы ТЖД-ның Қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.
Бөлісу: