Қазақстан
1 мин оқу 140

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 8 тамыз күні төрт өңірде ауа райы құбылмалы болатынын ескертті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.

Ақмола облысының шығысында күндіз қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Павлодар облысында түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Нұр-Сұлтан қаласында да жауын жауып, күн күркірейді.

Бөлісу:
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар