Қазақстан
1 мин оқу 4,892

Бағлан Майлыбаев ұсталды — Ұлттық қауіпсіздік комитеті

<p>2017 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 185-бабы 1, 3-бөлігінде көзделген (&laquo;Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету&raquo;) қылмыстарды жасады деген күдікпен ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері болған Б. Майлыбаев және Н. Галихинді ұстады, деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.</p>

Бағлан Майлыбаев ұсталды — Ұлттық қауіпсіздік комитеті

14 қаңтарда Астана қаласы, Есіл аудандық соты 2 ай мерзімге қамауға алу санкциясын берді.

Аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ҰҚК Тергеу изоляторына қамауға алынды. Күдіктілердің және олардың туыстарының тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер жүргізілді, заттай дәлелдемелер алынды. Тергеп-тексеру жалғасуда, оның барысы және нәтижелері жөнінде қосымша хабарланатын болады.

Бөлісу:
Бағлан Майлыбаев ұсталды — Ұлттық қауіпсіздік комитеті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар