Аймақтар
1 мин оқу 225

Шымкентте 11 жастағы қыз суға батып кетті

<p style="text-align: justify;">Шымкентте 11 жастағы қыз абайсызда Бадам өзені үстіндегі құбырдан құлап, суға батып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, қайғылы оқиға Еңбекші ауданындағы Қарабастау тұрғын алабында болған.

«Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бірнеше сағат бойы су астында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, қыздың денесін судан алып шықты», делінген хабарламада.

Қыздың денесі туыстарына тапсырылды.

Оқиға орнына қалалық ТЖ департаментінің 10 қызметкері мен 4 техникасы жұмыс істеді.

Бөлісу:
Шымкентте 11 жастағы қыз суға батып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар