Оқиға
1 мин оқу 391

Жамбыл облысында есірткі таратушылар ұсталды

<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысы ІІД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі таратып жүрген екі жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ішкі істер министрлігінің өкіліне сілтеме жасап.</p>

«Тінту кезінде күдіктілерден таратуға дайындалған 15 пакет синтетикалық есірткі (мефедрон) тәркіленді. Олардың әлеуметтік желідегі хат-хабарларын зерделеу барысында күдіктілер есірткіні жасырын орындарға қойғаны анықталды»,  деді Шұғыла Тұрлыбек Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте. 

«Клиенттермен» хат алмасуда көрсетілген орындарда полиция қызметкерлері Тараз қаласы мен оның маңайында жасырылған есірткіні алты сағаттың ішінде тауып, жойды. 

«Нәтижесінде мефедрон жасырылған 29 орын анықталды. Барлығы 44 доза тәркіленді. Ұсталғандар кінәларын мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», деді ІІМ өкілі.

Бөлісу:
Жамбыл облысында есірткі таратушылар ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар