Әлем
1 мин оқу 314
Талибан Өзбекстан мен Тәжікстаннан ұрланған тікұшақтарды қайтаруды сұрады
<p style="text-align: justify;">«Талибан» қозғалысы құрған Ауғанстанның Қорғаныс министрлігі Өзбекстан мен Тәжікстанға өткен жылдың тамыз айында Орталық Азияның посткеңестік республикаларына ұрланған тікұшақтарды қайтару туралы өтінішпен тағы да жүгінді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.</p>
Талибан қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Инаятулла Хоразами Кабул ұрланған тікұшақтарды қайтарғысы келетінін айтты.
«Тікұшақтар – ауған халқының меншігі. Оларды қазіргі үкіметке қайтару керек», деді Хоразами.
Ал кейбір ауған сарапшылары Талибан үкіметін халықаралық қауымдастық мойындамайынша, тікұшақтарды қайтарып алу мүмкін емес деп санайды.
Бөлісу: