Оқиға
1 мин оқу 180

Аң аулап жүрген ер адам абайсызда серігін атып өлтірді

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысында 55 жастағы ер адам өзімен бірге аң аулауға шыққан 64 жастағы жерлесін абайсызда атып алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 6 тамыз күні Шал ақын ауданының Неждановка ауылы маңындағы орманда болған. 55 жастағы Айыртау ауданының тұрғыны аң аулау кезінде елікке оқ атқан, алайда, бытыраның бір бөлігі қасындағы серігіне – 64 жастағы Айыртау ауданының тұрғынына тиген. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Бұл факті ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-1-бабы «адам өлтіру» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданбақ.

Бөлісу:
Аң аулап жүрген ер адам абайсызда серігін атып өлтірді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар