Аймақтар
2 мин оқу 1,520

Мыңға жуық баланы кене шақты

<p style="text-align: justify;">Жаз айларында кене шағу қаупі күшейетін аймақтың бірі &ndash; Шығыс Қазақстан облысы. Қанша сақтанғанмен, бұл жәндікке тап болатын тұрғындардың саны азаймай тұр. Әсіресе балалардың қауіпсіздігі алаңдатады. Биыл көктем шыққалы бері өңірде мыңға жуық баланы кене шағып алған.</p>

Мыңға жуық баланы кене шақты

Шығыс Қазақстан облысы Санитариялық-эпидемио­ло­гиялық бақылау департа­мен­тінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша сәуір айынан бері эндемиялық аумақ­тар­да 3 346 адамды кене шақты. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың саны – 997. Бұл кенеден зардап шеккен­дер үлесінің 30 пайызына жуықтайды.

«Кене энцефалитіне шалдық­қан 8 адам тіркелген. Бұл нау­қас­­тардың ешқайсысы кене шақ­қан­нан кейін медициналық кө­мекке жүгінбеген. Дәрі­гер­лерге уақтылы, яғни үш күн­нен кешіктірмей қаралған адам­дардың арасында кене инфекциясын жұқтырғандар болған жоқ. Кене энцефалитін емдеу тек стационарлық жағ­дай­да жүргізіледі. Инфекция жұқ­тырған өңірдің 7 тұрғыны жұқ­палы аурулар ауруханалары мен бөлімшелеріне жат­қы­зылған. Пациенттерге арнайы ем-дом тағайындалды», де­лін­ген аталған департамент берген ақпаратта.

Бұл ретте мамандар қауіп­ті жәндіктің белсенді болатын маусымы балалардың жазғы демалыс уақытына сәйкес келе­тінін, сондықтан кіш­кен­тай­лардың қауіпсіздігіне ба­рынша сақ қарау керек екенін ескертерді. Табиғатта, саябақта, жазғы саяжайда серуендеу кезінде баланы кене шағудан қорғау үшін шашы мен аяқ-қолын ашық қалдырмай, мейлінше жабық киіндіру ұсы­ны­лады. Яғни ба­ла­ның басына шарф байлау немесе баскиім кигізген, сондай-ақ футболка емес ұзын жейде, шортының орнына ұзын шалбар, ашық сандалдарды жабық аяқкиіммен ауыстырған жөн. Бұған қоса киім­нің ашық түсті болуына мән беру керек, сонда кене көзге жақсы көрі­не­ді.

Қауіп аяқ астынан, егер кене шағып алса, оны алып тастамай, дереу жақын маңдағы жарақат орталығына немесе емханаға хабарласу керек. Яғни бірден медициналық көмекке жүгінген абзал.

Бөлісу:
Мыңға жуық баланы кене шақты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар