Спорт
1 мин оқу 134

Үшінші орынға көтерілді

<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: -.2pt;">Шахматтан Қазақстан әйелдер құра&shy;масы Үндістанда өтіп жатқан дүние&shy;жүзілік олимпиаданың кезекті тур ойынында Болгарияны жеңіп, әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді.</span></p>

Үшінші орынға көтерілді

Тоғызыншы тур аясында өткен бәсекеде жерлестеріміз Болгария шахматшыларынан 3:1 есебімен басым түсті. Бұл кездесуде Жан­сая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нақбаева Қазақ­стан құрамасына жеңіс сыйласа, Бибісара Асаубаева мен Ксения Балабаева кездесуді тең есеппен аяқтады. Тоғыз турдан кейін әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте Поль­ша құрамасы көш бастап тұр. Екінші орынға Үндістан құрамасы жайғасқан. Үздік үштікті Қазақстан шахматшылары түйіндеп тұр.

Ал Қазақстанның ерлер құрамасы тоғы­зыншы турда Сербия құрамасымен ойнап, 1:3 есебімен ұтылып қалды. Мұртас Қажығалиев пен Арыстанбек Оразаев ойындарын тең аяқтаса, Ринат Жұмабаев пен Әлішер Сүлейменов жеңіліп қалды. Жерлестеріміз бұл сәтсіздігінен кейін әлемдік рейтингте 25-орынға түсті.

Бөлісу:
Үшінші орынға көтерілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар