Теннис
1 мин оқу 190

Юлия Путинцева Торонто турнирінде сәтті өнер көрсетті

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Торонто WTA-1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстандық спортшы алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 299-орында тұрған канадалық Кэтрин Себовпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда корт иесі 6:3 есебімен басымдылық көрсетті. Бірақ екінші сетте Юлия Путинцева есе қайырды - 6:2. Путинцева үшінші, шешуші партияны брейкпен тәмамдады. Есеп - 7:5.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған додада Путинцева 13 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

Енді қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 3-ші ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кездеседі. 

Бөлісу:
Юлия Путинцева Торонто турнирінде сәтті өнер көрсетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар