Оқиға
1 мин оқу 200

45 жастағы ер адам Жайық өзеніне батып кетті

<p style="text-align: justify;">Атырау облысының Махамбет ауданында ер адам Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері 8 тамыз күні сағат 17:42-де Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл ауылынан 5 км жерде Жайық өзенінде 1977 жылы туған ер адамның мәйітін іздеуге шықты. Ол сағат 16:00 кезінде арнайы белгіленбеген жерде суға шомылып жүріп, өзенге батып кеткен. Сағат 18:00-де ер адамның мәйіті табылып, полицияға жеткізілді», деп хабарлады Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындарын суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға және арнайы белгіленбеген жерлерге суға түспеуге шақырады.

Бөлісу:
45 жастағы ер адам Жайық өзеніне батып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар