Қоғам
2 мин оқу 360

Ізгі істер іркілмейді

<p style="text-align: justify;">Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында &laquo;ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық: еріктілер көмегі және жыл бойы пойызбен тегін жүру&raquo; тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Дәулетқалиқызы, &laquo;Ұлттық еріктілер желісі&raquo; қауымдастығының атқарушы директоры Татьяна Миронюк қатысты.</p>

Ізгі істер іркілмейді

«Жеңіс» жобасы аясында 115 млн теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсетіледі. Бұл туралы Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева мәлімдеді.

«2022-2023 жылдары волонтерлік рейдтер ұйымдастырылады, көмекке мұқтаж жалғызілікті қамкөңіл қарттарға дәрі-дәрмек, азық-түлік және басқа да тұрмысқа қажетті заттармен көмек беру жүйесі жүзеге асырылады. Сонымен қатар тұрмыстық техникаға, есту құралдарына зәрулік тәрізді ерекше қажеттіліктерге де назар аударылады. Жастар қариялардың үй-аулаларын тазалап, жөндеп, шай үстінде әңгіме-дүкен құрып, көңілін көтереді, жылу сыйлайды. Қарттар үйіне де бару жоспарланған», деді ол.

«Жеңіс» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруды жауапкершілігіне алып отырған Ұлттық волонтерлер желісі ҮЕҰ жыл соңына дейін кем дегенде 1 400 ардагер мен тыл еңбеккерін қамтуды көздеп отыр.

«Жоба 35 қалада волонтерлік қозға­лысты үйлестіру арқылы барлық елді ме­кенді қамтиды. Кемінде 500 ерік­ті осы іске жұмылдырылады. Жыл со­ңында жоба аясында ақкөңіл ниетімен қарияларға көмек беру жолында тегін қызмет атқарғаны үшін еріктілер ынталандырылады. Жоба қоғамда жастар мен балалардың бойында үлкендерге құрмет сезімін қалыптастырып, пат­риот­тық тәрбиеге үлес қосуға бағыт­талған. Айта кетейік, Қазақстанда 387 ҰОС қатысушы мен мүгедектігі бар адамдар тұрады. 2020-2021 жылдары 13 019 волонтерлік рейд жүргізілді, оған 650 ерікті атсалысты. Олардың аясында 3 355 қария қамтылды», деді А.Дәулетқалиқызы.

«Жеңіс» жобасы бойынша рейдтер саны жоспардан асып кетуі мүмкін. Ерік­ті­лер қосымша көмек көрсетуге ниетті. Аталған жоба мереке күндері емес, тұ­рақты негізде жүргізіледі. Бұл туралы «Ұлттық еріктілер желісі» қауым­дас­тығының атқарушы директоры Татьяна Миронюк хабарлады.

Оның айтуынша, рейдтер тек ардагерлерге барып, әңгіме-дүкен құ­ру­ға ғана емес, әртүрлі волонтерлік көмек көрсетуге де бағытталған.

«Көп жағдайда біз тұрмыстық көмек көрсетеміз, қыста көмір мен отын да­йындаймыз. Осы жыл волонтерлер үшін ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетуге тамаша мүмкіндік бе­реді деп ойлаймын. Біз қымбат дәрі-дәр­мекпен, төсек-орынмен, басқа да қажет­тіліктермен қолдауға тырысамыз. Әлеуметтік осал топтар – бұл 1 400 адам. Жалпы, 5 600 рейд өткізу жоспарланып отыр, бірақ одан артық болады деп ойлаймын, өйткені еріктілер ардагерлерге қо­сымша келіп, көмектескісі келеді», деді ол.

Айта кетейік, 2018 жылы жоба қа­ты­­су­шыларының арқасында Алматы облысында ғана 2 тонна өнім жиналды. Бұл – осындай көмектің нәтижесі.

Бөлісу:
Ізгі істер іркілмейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар