Қоғам
1 мин оқу 170

«EcoQolday» қатысушыларына төлем жүргізіп жатыр

<p style="text-align: justify;">&laquo;Жасыл даму&raquo; АҚ &laquo;Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері&raquo; операторы ЖШС-ның расталған міндеттемелері бойынша &laquo;EcoQolday&raquo; жобасының қатысушыларына төлем жүргізуді бастады. Орындаған міндеттемелерін растайтын құжаттарын уақтылы ұсынған 26 компанияға бүгінде 105 миллион теңгеден астам қаржы төленді.</p>

«EcoQolday» қатысушыларына төлем жүргізіп жатыр

Естеріңізге сала кетейік, авто­ко­м­поненттер мен қаптама қал­дық­тарын жинап, кәдеге жарату бойынша «EcoQolday» жобасына қатысқан кәсіпорындардың рас­талған міндеттемелері орындалатыны туралы хабарланған болатын. «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері» операторымен жасалған бұрынғы шарттар шең­берінде міндеттемелерін орында­ған, көрсетілген қызметтерді құжат жүзінде растаған контрагенттерге 2021 жылдың төрт тоқсаны үшін төлем жүргізіледі.

Төлемдерді алу үшін «Өнді­ру­шілердің кеңейтілген міндет­те­ме­лері» операторы ЖШС-мен жасал­ған шарттың құқықтар мен міндет­те­мелерін кәсіпорындар «Жасыл даму» АҚ-ға беру жөнінде жазбаша келісім мен негіздемелік шартқа қосымша үшжақты келісім және 2022 жылғы сәуірдің 30 дейінгі са­лыс­тыру актілерін ұсынуы қажет.

Бөлісу:
«EcoQolday» қатысушыларына төлем жүргізіп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар