Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде бір саты төмендеді
<p style="text-align: justify;">UFC Vegas 59 турнирі аясында өткен америкалық Джефф Нил мен бразилиялық Висенте Луке арасындағы жекпе-жектен кейін жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде өзгеріс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://prosports.kz/" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">Prosports.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>
Нил үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, рейтингте бірден бес саты жоғарылады, ол 13-орыннан 8-сатыға көтерілді.
Джефф Нилдің жартылай орта салмақтағы рейтингте алғашқы ондыққа енуіне байланысты қазақстандық Шавкат Рахмонов төмен сырғыды. Ол үздік ондықтан шығып, 11-сатыға жайғасты.
Айта кетейік, Рахмонов 26 маусымда америкалық Нил Мэгниді жеңгеннен кейін бір айдан аса уақыт үздік ондықтың қатарында тұрған.