Спорт
2 мин оқу 1,000

Жансая Әбдімәлік Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында қола медаль алды

<p style="text-align: justify;">Танымал қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік 2022 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында алғашқы тақталар арасында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Sports.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Бірінші тақтада команданың ең мықты ойыншылары ойнайды. Тағы бір қазақстандық Бибісара Асаубаева екінші тақта арасында төртінші болды. 

Әйелдер құрамасы: 

Жансая Әбдімәлік (22 жаста) — бірінші тақта, 3-орын; 

Бибісара Асаубаева (18 жаста) — екінші тақта, 4-орын; 

Ксения Балабаева (17 жаста) — үшінші тақта, 16-орын; 

Гүлісхан Нахбаева (31 жаста) — төртінші тақта, 11-орын; 

Назерке Нұрғали (18 жаста) — бесінші тақта, 8 ойыннан аз ойнады. 

Ерлер құрамасы: 

Ринат Жұмабаев (33 жаста) — бірінші тақта, топ-20-ға кіре алмады; 

Әлішер Сүлейменов (22 жаста) — екінші тақта, 13-орын; 

Мұртас Қажығалеев (49 жаста) — үшінші тақта, 8 ойыннан аз ойнады; 

Арыстанбек Оразаев (24 жаста) — төртінші тақта, 18-орын; 

Қазыбек Нөгербек (18 жаста) — бесінші тақта, 19-орын. 

Бұған дейін хабарланғандай, ҚР әйелдер құрамасы 17 матчтық ұпай жинады (8 жеңіс, 1 тең ойын, 2 жеңіліс). 

Халықаралық рейтингке сәйкес әйелдер құрамасы Олимпиаданың бастапқы тізімінде 10-шы орынды иеленіп, қорытынды нәтижеде 5-ші орынды алды. Олимпиададағы біздің шахматшыларымыз – орта жастағы ең жас командалардың бірі.

Бөлісу:
Жансая Әбдімәлік Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында қола медаль алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар