Әлем
1 мин оқу 240
Майамиден Ыстанбұлға бағытталған ұшақта жолаушы қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">Майамиден Ыстанбұлға ұшатын Turkish Airlines ұшағы бортта жолаушының қайтыс болуына байланысты Бухарест әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Digi 24 телеарнасына сілтеме жасап.</p>
«Майами - Ыстанбұл рейсін орындаған Turkish Airlines ұшағы жолаушы ауырып, қайтыс болғаннан кейін Бухарестке қонуға мәжбүр болды», деп хабарлайды телеарна.
Ұшақ сағат 14:58-де қонды. Бортқа әуежайдың медициналық бригадасы мен жедел жәрдем бригадасы көтерілді. Науқасқа стандартты реанимациялық процедура қолданылды, бірақ дәрігерлер оған көмектесе алмады.
Бөлісу: