Оқиға
2 мин оқу 450

Ұзынағаштағы атысқа қатысты күдіктілерге іздеу жарияланды

<p style="text-align: justify;">Алматы облысы Ұзынағаш ауылындағы жас жігіттің өліміне қатысы бар деген күдіктілерге сот санкциясымен іздеу жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://polisia.kz/ru/perestrelka-v-uzynagashe-podozrevaemyh-ob-yavili-v-rozysk/">Polisia.kz&nbsp;</a>сайтына сілтеме жасап.</p>

Алматы облысы Полиция департаменті мына адамдарға іздеу салады:

Қозыбаев Ғани Мұратұлы - 31 жаста, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары (Адам өлтіру) және 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша;

Асқар Жәнібекұлы Тыныштықов - 30 жаста, ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары (Адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыстар жасады деген күдік бойынша;

Серікбол Мұратбекұлы Шөкенов - 30 жаста, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2- тармағы (Атыс қаруын қолданып бұзақылық) бойынша қылмыс жасады деген күдік бойынша;

Нұрсұлтан Бахтиярұлы Аукенов - 30 жаста, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша.с

Алматы облысының полициясы осы адамдар туралы ақпараты барларға мына телефондар бойынша хабарлауын сұрайды: +7 701 500 08 47, +7 700 200 07 88, +7 702 717 77 17, +7 707 738 78 78, +7 72770 2 26 02 немесе 102.

Еске сала кетейік, Алматы облысы Ұзынағаш ауылында атыс болып, бір адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

4 тамызда Жамбыл облысы Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға оқ жарақатымен үш жергілікті тұрғын жеткізілген.

Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөліміне жеткізілгеннен кейін көз жұмды.


 
 
Бөлісу:
Ұзынағаштағы атысқа қатысты күдіктілерге іздеу жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар