Футбол
1 мин оқу 180

Бүгін футболдан UEFA Суперкубогы өтеді

<p style="text-align: justify;">Футболдан UEFA Суперкубогында Испанияның &laquo;Реал Мадрид&raquo; және Германияның &laquo;Айнтрахт&raquo; командасы кездеседі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ойын 10-нан 11 тамызға қараған күні елорда уақытымен 01.00-де Финляндия астанасы Хельсинки қаласындағы «Олимпийский» стадионында өткізіледі. Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Былтыр «Реал Мадрид» Ла лигада чемпион атанды. Одан кейін UEFA Чемпиондар лигасы финалында Англияның «Ливерпуль» командасын (1:0) сүріндірді.

Ал «Айнтрахт» бундеслигада небәрі 11-орында тұрақтады. Ал Еуропа лигасы финалында Шотландияның «Рейнджерс» (1:1, 5:4, пенальтиден) командасынан басым түсті.

UEFA Суперкубогының бастау алғанына биыл тура жарты ғасыр толып отыр. Қазірге дейін «Реал Мадрид» аталған турнирде жеті мәрте бақ сынады. Оның 4-інде жеңімпаз атанса, 3-еуінде қарсыласына есе жіберді. Ал «Айнтрахт» аталған турнирге тұңғыш мәрте қатыспақшы.

Бөлісу:
Бүгін футболдан UEFA Суперкубогы өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар