Әлем
1 мин оқу 354

Париж әуежайында оқ атылды – БАҚ

<p style="text-align: justify;">Париждегі Руасси-Шарль де Голль әуежайында пышақпен қаруланған ер адамның көзі жойылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Францияның полиция департаментіне сілтеме жасап.</p>

«Бүгін таңертең тәртіп сақшылары әуежайда жолаушыларды пышақпен қорқытқан ер адам оққа ұшті», деп жазылған полиция таратқан хабарламада.

BFMTV арнасының хабарлауынша, оған «суық қаруды таста» деген өтініш бірнеше рет айтылған. Тәртіпке бағынбай, қарсылық білдірген оны полицей атып өлтірген.

Оқиға 10 тамыз күні таңертең 2F терминалында болған.

 Valeurs actuelles журналисі Амори Брелеттің айтуынша, атыс таңғы сағат 8:45-те болған.  

Бөлісу:
Париж әуежайында оқ атылды – БАҚ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар