Медицина
1 мин оқу 714

Алуан ауруды анықтайтын аппарат

<p style="text-align: justify;">Атырау облыстық ауруханасында алуан түрлі ауруды анық&shy;тай&shy;тын FibroScan аппараты іске қосылды. Енді бұл аппаратпен бауырдың зақымдануын, цирроз бен онкологиялық аурудың белгісін анықтауға жол ашылып отыр. Жаңа аппаратты &laquo;Теңізшевройл&raquo; ЖШС демеушілік көмекпен алып берді.</p>

Алуан ауруды анықтайтын аппарат

Облыстық аурухананың функциональды диагностика дәрігері Алтынай Нұрышеваның айтуынша, осындағы гепотологиялық орталықта мұндай аппарат алғаш рет 2013 жылы алынған. Ал жаңа аппа­ратпен енді балалардағы сыр­қатты анықтауға мүмкіндік жа­салып отыр.

– ҒibroScan – бауырдың за­қым­­дану деңгейін дұрыс баға­лау­ға, болжауға, ағзадағы созыл­ма­лы диффуздық аурулардың динамикасына, яғни гепатиттің өршуі мен оның циррозға ауысуына бақылау жүргізетін аппарат. Жаңа аппаратпен бауырдағы онкологиялық аурудың ошағы да анықталады, – дейді Алтынай Нұрышева.

Оның айтуынша, ауру белгі­ле­рін анықтау еш жарақатсыз әрі қауіпсіз жүргізіледі. Науқасқа зерт­теу жүргізудің кері әсері жоқ. Па­циентті алдын ала тексеру, да­йындау, стационарға жатқызу қажет емес.

– Жергілікті дәрігердің жолдамасымен келген әр адам жаңа аппараттан тексеруден өте алады. Тексеру 10-15 минутқа созылады. Оның нәтижесі пациентке бірден беріледі. Ал бауырды фибросканерлеу бірнеше рет жүргізілуі мүмкін. Мұндай тексерудің диспансерлік бақылау мен терапияның тиімділігін қадағалау кезінде маңызы зор, – дейді А.Нұрышева.

Атырау облысы

Бөлісу:
Алуан ауруды анықтайтын аппарат · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар