Теннис
1 мин оқу 134

Екінші айналымға шықты

<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: -.5pt;">Қазақстандық теннисші Михаил Кукуш&shy;кин Чикагода (АҚШ) өтіп жатқан Чел&shy;ленд&shy;жер турнирінің екінші айналымына өтті.</span></p>

Екінші айналымға шықты

Қазақстан теннис федерациясының мәлі­ме­ті бойынша, Кукушкин бастапқы кезде­суін америкалық Говинда Нандамен өткізіп, екі сағаттан аса уақытқа жалғасқан тартысты бәсекеде 3:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Енді жерлесіміз турнирдің екінші кезеңінде хорватиялық Борн Гойомен кездеседі. Ол алғашқы айналымда әлемнің 102-ші, осы жарыстың 1-ракеткасы швейцариялық Хенри Лааксоненді 3:6, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен ұтқан.

Сондай-ақ Канаданың Торонто қаласын­да өтіп жатқан Мастерс додасында Юлия Путинцева жұптық сында америкалық София Кенинмен бірге алғашқы айналымда мажар­стандық Анна Бондарь мен бельгиялық Кимберли Циммерманнан басым түсті – 7:6 (12:10), 7:5. Өкінішке қарай, Канаданың Монреаль қаласындағы турнирге қатысқан Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик алғашқы кездесуінде ұтылып, жарыс­тан шығып қалды. Сол сияқты Дмитрий Поп­ко мен Тимофей Скатов та Чикагодағы және Сан-Маринодағы Челленджер турнирлері­нің алғашқы айналымынан әріге аса алмады.

Бөлісу:
Екінші айналымға шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар