Футбол
1 мин оқу 235

«Реал Мадрид» UEFA Суперкубогының иегері атанды

<p style="text-align: justify;">Испанияның &laquo;Реал Мадрид&raquo; командасы футболдан UEFA Суперкубогының биылғы иегері болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Финляндия астанасы Хельсинки қаласындағы «Олимпийский» стадионында өткен кездесуде испаниялық клуб Германияның «Айнтрахт» командасымен кубокты сарапқа салды.

Кездесу барысында «Реал Мадрид» сапынан Давид Алаба 37-минутта есеп ашса, 65-минутта Карим Бензема қорытынды есепті белгіледі. Осылайша испаниялық клуб қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, кубокты жеңіп алды.

UEFA Суперкубогының басталғанына биыл тура жарты ғасыр толып отыр. Қазірге дейін «Реал Мадрид» аталған турнирде жеті мәрте бақ сынады. Оның 4-інде жеңімпаз атанса, 3-інде қарсыласына есе жіберді. Ал «Айнтрахт» аталған турнирге тұңғыш мәрте қатыспақшы.

Суперкубокты иелену жөнінен «Реал Мадрид» Испанияның «Барселона» және Италияның «Милан» командаларымен теңесті. Олардың әрбірінде бес-бестен кубок бар.

Жалпы, мұндай атаққа барлығы 24 команда қол жеткізді.

Бөлісу:
«Реал Мадрид» UEFA Суперкубогының иегері атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар