Тауар өндірушілерге тиесілі дизельді сатып жіберген оператор анықталды
<p style="text-align: justify;">Қаржы мониторингі агенттігі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арзандатылған дизель отынын жеткізуге жауапты оператордың бірі 2,2 мың тонна көлемінде дизель отынын өзі сатып жібергені анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қаржы мониторингі агенттігі мұнай өнімдерін заңсыз экспорттау мен алыпсатарлыққа тосқауыл қою жұмыстарын жалғастыруда.
Жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арзандатылған дизель отынын жеткізуге жауапты оператордың бірі монополиялық жағдайды теріс пайдаланғаны анықтады.
Мәселен, 2020-2021 жылдары жалпы көлемі 12,5 мың тоннадан астам төмендетілген бағамен дизель отынын алған ЖШС ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне 10,3 мың тоннасын жеткізген. Ал қалған 2,2 мың тонна көлемінде дизель отынын ЖШС-ға тиесілі жанар-жағармай құю станциялары желісі арқылы сатып, 74,4 млн теңге қосымша кіріс алған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.