Аймақтар
1 мин оқу 595

Павлодарда жоғалған ана мен бала табылды

<p style="text-align: justify;">Еріктілер онымен психологиялық әңгіме өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="http://pavlodarnews.kz./" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">Pavlodarnews.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>

«VITA» еріктілерінің хабарлауынша, жедел іздестіру шарасы  барысында хабарсыз кеткен  20 жастағы Сәния Смакова табылды.

– Онымен сөйлесіп, сапаржайға келуге көндірдік. Әрі қарай анасына тапсырылды. Тәртіп сақшылары іздеу салу бойынша хабарламаны тоқтатты, түсініктеме алынды, – дейді еріктілер.

Естеріңізге сала кетейік, Сәния Смакова екі айлық баласымен 8 тамыз күні сағат 15:00-де Павлодар ауылындағы Абай көшесінен белгісіз жаққа шығып кеткен.

Туыстарының айтуынша, ол Павлодар қаласында тұратын құрбысына барған болу керек.

Бөлісу:
Павлодарда жоғалған ана мен бала табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар