Аймақтар
1 мин оқу 470

Алматыда 190 көпқабатты үйдің лифтісі жаңартылды

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы қала тұрғындарымен кездесу барысында шаһар басшысы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың мемелекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Әуезов ауданыда 97 көпқабатты үйде 190 лифт жаңартылған.

- «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында жыл басынан бері 8 үйдің жалпы пайдалану орындары жөнделді және 97 үйде 190 лифт ауыстырылды. Жыл соңына дейін 8 үйдегі 12 лифтіні қосымша ауыстыру және 32 үйдегі жалпы пайдалану орындарын жөндеу жоспарда», - деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар ол аудан бойынша тұрақты су басудың 5 учаскесі анықталғанын атап өтті.

«Бүгінгі күні екі учаске жойылды, 2022 жылдың соңына дейін қалған үш учаске бойынша жұмыстар аяқталады. Ол үшін Момышұлы көшесінде диаметрі 1 метр және ұзындығы 2,1 км жаңа су бұру каналы салынады, сондай-ақ Жұбанов, Қабдолов, Өтеген батыр көшелеріндегі ұзындығы 3,5 км коллектор қалпына келтіріледі. Бұдан басқа 2023 жылдың соңына дейін ұзындығы 44 шақырым 67 көшеде арық желілері салынып, қайта жаңғыртылады», деді әкім.

Бөлісу:
Алматыда 190 көпқабатты үйдің лифтісі жаңартылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар