Қоғам
1 мин оқу 194

Алматыда оқушыларға арналған автобус қатынайды

<p style="text-align: justify;">Алматыда пилоттық режимде қыркүйек айынан бастап оқушыларды мектепке тасымалдайтын автобустар жүргізу жоспарланды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қала әкімінің айтуынша, Алматыда оқушыларды автобустармен тасымалдау мәселесі толық шешімін таппай келеді.

«Кеше ғана осы мәселе бойынша кездесу өткіздім. Бұл - пилоттық жоба болмақ. Әр ауданнан мектептер таңдалды. Жалпы саны 28 мектепке балаларды тасымалдау автобустарын жүргізу пилоттық режимде жоспарланды. Барлығы орынды болса, бағдарламаны қыркүйектің соңына дейін қабылдаймыз», деді Ерболат Досаев.

Бөлісу:
Алматыда оқушыларға арналған автобус қатынайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар