Футбол
1 мин оқу 250
«Тобыл» мен «Қызыл-Жар» маңызды матч өткізеді
<p style="text-align: justify;">11 тамызда «Тобыл» мен «Қызыл-Жар» УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы қарымта кездесулерін өткізеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Алғашқы ойында екі командамыз да сырт алаңда 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Петропавлдық «Қызыл-Жар» елордада кипрлік АПОЭЛ-ды қабылдайды. Бұл матч Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30-да басталады.
Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде сүрініп, Конференция лигасында бақ сынап жатқан «Тобыл» босниялық «Зриньскимен» кездеседі. Қостанайда өтетін ойын елорда уақытымен 20:00-де басталады. Аталған екі кездесуді де QAZSPORT телеарнасы көрсетеді.
Бөлісу: