Қоғам
1 мин оқу 250

Хаменова өз кінәсін мойындаған жоқ

<p style="text-align: justify;">Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова сот алдында өз кінәсін мойындаудан бас тартты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бақытгүл Хаменоваға қатысты іс Атыраудағы №2 қалалық сотта қаралып жатыр.

Сотта Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлім етті.

Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевтың ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен тергелген. Ал, «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов ҚР Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігімен тергеуге алынған еді.

Айта кетсек, Хаменованың ісіне қатысты айыптау актісі 55 бетті құраған.

Бөлісу:
Хаменова өз кінәсін мойындаған жоқ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар