Аймақтар
1 мин оқу 243

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті қолға түсті

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Ақтөбеде Ұлттық ұлан қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, 10 тамыз күні сағат 21:40 шамасында 6655 әскери бөлімінің қызметкерлері ішімдікке масайған күдікті азаматты тоқтатып, құжаттарын тексерген. Нәтижесінде ер адамға Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары іздеу жариялағаны анықталады. Сондай-ақ, күдіктіге елімізде де Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-тармағы (Алдын ала сөз байласу арқылы ұрлық жасау) бойынша іздеу салынғаны белгілі болды.

Күдікті Ақтөбе қаласының полиция басқармасына жеткізілді.

Бөлісу:
Халықаралық іздеуде жүрген күдікті қолға түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар