Елорда
1 мин оқу 160

Елорданың биылғы бюджеті бекітілді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Елорданың биылғы бюджеті &ndash; 867 млрд 234 млн теңге болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Манқараев хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«Іс жүзіндегі түсімге жүргізілген сараптамаға сәйкес, жергілікті кіріске қатысты жоспарды болжаммен 50 млрд теңгеге арттыра отырып, 534,8 млрд теңгеге жеткізу ұсынылады. Оның ішінде салық түсімдері – 40 млрд теңгеге, салық емес түсімдер – 4,8 млрд теңгеге, ал негізгі капиталды сатудан түсетін түсім – 5,2 млрд теңгеге артық болады», деді Қайсар Манқараев қалалық мәслихаттың қоғамдық кеңесі отырысында.

Басқарма басшысының айтуынша, енгізілген өзгертулерді ескерген кездегі елорданың нақтыланған бюджетінің жалпы көлемі биыл – 867 млрд 234 млн теңге.

«Оның ішінде жергілікті кіріс түсімі – 534 млрд 862 млн теңге, республикалық бюджеттен трансферт түріндегі түсім – 236 млрд 927 млн теңге, займ түсімдері – 32 млрд 167 млн теңге, сонымен қатар қалдық қаражат – 63 млрд 277 млн теңге мөлшерінде болады», деді ол.

Бөлісу:
Елорданың биылғы бюджеті бекітілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар