Тағайындау
1 мин оқу 1,094

Кентау қаласының әкімі тағайындалды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен, Түркістан облысы әкімінің өкімімен Тасов Жандос Қалмырзаұлы Кентау қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Жандос Тасов 1987 жылдың 22 қаңтарында Түркістан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2013 жылы «Градкомплекс» ЖШС архитекторы болып бастаған.

2013-2014 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің инспекторы, Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маман міндетін атқарушысы, 2014-2017 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы қызметін атқарған. 2017-2018 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі, 2018-2020 жылдар аралығында Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімнің басшысы болған. 2020-2021 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімнің басшысы болып еңбек етті.

2021 жылғы 19 ақпаннан бері Түркістан қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

2208111932068971g.jpg

Бөлісу:
Кентау қаласының әкімі тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар