Елордалық оқушыларға оқу құралдары салынған сөмкелер беріледі
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">«Мектепке жол» акциясы аясында 10 мыңға жуық елордалық оқушыға қажетті оқу құралдары салынған сөмкелер беріледі, деп хабарлайды<span class="Apple-converted-space"> </span>Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
«Жаңа 2022-2023 оқу жылында аудан әкімдіктерімен бірлесіп, демеушілік қаражат есебінен 10 мыңға жуық балаға керек-жарақтары бар мектеп сөмкесі берілмек. Оны бірінші кезекте әлеуметтік осал топ санатына жататын оқушылар алады», деп атап өтті басқарма басшысы.
Айта кетсек, Республикалық «Мектепке жол» акциясы 1 тамызда бастау алған. Қазіргі уақытта аталған шараға мемлекеттік органдарды, меценаттарды, демеушілер мен үкіметтік емес ұйымдарды тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.