Футбол
2 мин оқу 295

Шілде айындағы үздіктер анықталды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылғы шілде айындағы ең үздік ойыншысын анықтау мақсатында OLIMPBET футболдан Қазақстан чемпионатында доп тебетін командаларының бас бапкерлері мен капитандары арасында сауалдама өткізді.</p>

Шілде айындағы үздіктер анықталды

Дәстүр бойынша сауалдама­ға қатысатын респонденттердің әр­қайсысы өздерінің көзқара­сы бойынша бір айда өрелі өне­рімен көзге түскен үш үздік фут­болшыны таңдап алып, әрі қарай, орын­дар­ға байланыс­ты ойыншыларға ұпайлар бере­ді. Мәселен, ең үздік деп тап­қан футболшысына 3 ұпай, кейін­гісіне – 2, соңғысына 1 ұпай береді. Нәтижесінде, барлық ұпай­­лар жинақталып, айдың үз­дігі анықталады.

Шілде айының сауалдама қоры­тындысы бойынша Қа­зақ­­­станның ең үздік футбол­шысы деп «Ордабасы» мен Қа­зақ­стан ұлттық құрамасының жар­­тылай қорғаушысы Эльхан Астанов танылды. Шілде айында «Ордабасы» сапында бес ойында (чемпионатта бір, кубок жолындағы бәсекеде төрт матч) жасыл алаңға шыққан Астанов үш гол соғып, әріптестеріне үш мәр­те нәтижелі пас берген. Сауал­­дамада ол 51 ұпай жинады. Екін­ші орынды «Мақтаарал» шабуыл­шысы Рамазан Кәрі­мов иеленсе, үздік үштікті «Аста­на­ның» португалиялық жарты­лай қорғаушысы Педро Эуженио тү­йіндеді.

Сондай-ақ «Ордабасы» клу­бы­ның бас бапкері Александр Седнев шілде айының ең үздік бапкері атанды. Сауалдамаға қатысқан 14 бапкердің бесеуі өз дауысын Беларусь маманына берген. Александр Сергеевич биыл­ғы маусымда осымен екін­ші рет айдың үздік бапкері болып танылды. Бұған дейін ол сәуір айында үздік шыққан еді.

Екінші орынды Петропавл­дың «Қызылжарын» жаттық­ты­ратын қазақстандық жас маман Әли Әлиев иеленді. Ол өткен айда УЕФА Конференциялар лигасында сенсация жасап, хорватия­лық «Осиек» клубынан басым түскен болатын. Сондай-ақ шілде айының қорытындысы бойынша үшінші орынды Нүркен Мәзбаев («Тараз») пен Андрей Ферапонтов («Мақтаарал») өзара бөлісті.

Сонымен қатар Екінші ли­гада «Тұранның» жастар коман­дасының шабуылшысы Бақ­дәулет Зулфықаров төртінші ай қатарынан «Оңтүстік-Батыс» конференцияның үздік ойыншысы атанды. Шілде айында Зулфықаров «Атырау жас­тар» командасының қақпасы­на жеңіс голын соғып, жарыс­тың сұрмергендер тізімінде көш бас­тады. Екінші орынды «Оң­түстік академиясының» жастар командасының шабуылшысы Мағ­жан Тоқтыбай иеленді. Үз­дік үштікті «Тұран» жастар коман­дасының тағы бір футболшысы Ғани Сүлеймен қорытындылады.

Айта кетейік, ертең Қазақ­стан кубогы жолындағы топ­тық кезеңнің соңғы тур ойын­дары басталды. Бұл турда «Кас­пий» – «Ақжайық», «Мақта­арал» – «Тараз», «Қай­рат» – «Аты­рау», «Ақсу» – «Орда­басы», «Жетісу» – «Тұран», «Шахтер» – «Астана», «Ақтө­бе» – «То­был», «Қайсар» – «Қы­зыл­жар» клубтары кездеседі.

Бөлісу:
Шілде айындағы үздіктер анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар