«Реал» – Суперкубок иегері
<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: -.1pt;">Мадридтің «Реалы» Хельсинкидегі «Олим­пийский» стадионында өткен матчта германиялық «Айнтрахт» клу­бын 2:0 есебімен жеңіп, УЕФА Супер­кубогының иегері атанды</span><span style="letter-spacing: -.5pt;">.</span></p>

Карло Анчелотти баптайтын клуб биыл Чемпиондар лигасын жеңіп алса, неміс клубы Еуропа лигасының жеңімпазы атанған еді. Тартысты өткен матчта корольдік клуб қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Ойынның 37-минутында аустриялық қорғаушы Давид Алаба «Айнтрахт» қақпасынан саңылау тапса, 67-минутта Кәрім Бензема нәтижелі соққы жасап, командасының мерейін үстем етті. Осылайша, шабуылшы өзінің «Реал» сапындағы 324-ші голын соғып, мергендер көшінде Раульді басып озды.
УЕФА Суперкубогын «Реал» бесінші рет жеңіп отыр және Суперкубок саны бойынша «Барселона», «Милан» клубтарымен теңесті.