Оқиға
1 мин оқу 210

Қарағандыда автобус емхананың қоршауына соғылды

<p style="text-align: justify;">Қарағандыда жеңіл көлік пен автобустың жол-көлік оқиғасы кезінде қоғамдық көлік балалар емханасының қоршауына соғылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы пайда болды.

«11 тамыз күні сағат 9:00 шамасында Қарағандыда 26 жастағы жүргізуші 23-ықшамауданнан 22-ықшамауданға қарай бара жатып, қарсы жолақта келе жатқан 53 жастағы жүргізушінің басқаруындағы жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан автобус медициналық мекеменің қоршауын соғып кеткен», деп түсіндірді облыстық Полиция департаментіндегі кадрлар.

Автобуста үш жолаушы болған. Олардың біреуі қолын жарақаттап алған. Оған медициналық көмек көрсетілді.

Оқиғаға қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Бөлісу:
Қарағандыда автобус емхананың қоршауына соғылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар